- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогында 2-ші орын алды
Қазақстан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогында 2-ші орын алды
Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин РФ Президенті Кубогында алтын медаль жеңіп алды.
Ол бұл жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнады. Ал Александр Зайчиков екінші орын алды.
Жұлқа көтеру жаттығуында Ильин 184 келіні сәтті көтерді, алайда екінші мүмкіндігінде 188 келіні еңсере алмады. Бұдан кейін ол 191 келіге тапсырыс беріп, дегеніне жетті. Зайчиков болса үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланып, оның үшіншісінде 190 келі көтерді. Жұлқа көтеру қорытындысында Ильин бірінші, ал Зайчиков екінші орында тұрды.
Серпе көтеруде Зайчиков бастапқыда 210 келіні еңсерді. Екінші мүмкіндігінде 220-ны, ал шешуші сәтте 226 келіні еңсерді. Ильин өз кезегінде бастапқыда 225 келіні, кейін тағы алты келі қосқышып, штанганы басынан асырды. Екінші мүмкіндігінде 246 келіге тапсырыс берді.
Бұл - әлем рекорды. Қазақстандық үшінші мүмкіндігінен бас тартты. Екі жаттығудың қорытындысында Зайчиков 416 келіні жинады, ал Ильин 437 келіні жинап, тағы бір әлем рекордын жаңартты.
Алайда марапаттау рәсімінде жарыстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының ескі әнұранын қойып, кейін Илья Ильиннің дереу жасаған ескертуінен кейін қазіргі әнұранды қойды.
Айта кетейік, РФ Президенті Кубогында Қазақстан құрамасы осыған дейін екі медальға ие болған еді. Бұған дейін 94 келіге дейінгі салмақта Денис Ұланов пен Светлана Подобедова 75 келіге дейінгі категорияда күміс жүлде алған болатын. Сонымен, Қазақстан құрамасы төрт медаль алып қайтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды