- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында Жергілікті полиция қызметі құрамына ішкі істер органдарының мыңнан астам қызметкері біріктірілді (ФОТО)
Қызылорда облысында Жергілікті полиция қызметі құрамына ішкі істер органдарының мыңнан астам қызметкері біріктірілді (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2015 жылы 2 қарашада «Жергілікті полиция қызметінің мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.
«Соңғы 3 жылда облыстың ішкі істер қызметін қаржыландыру көлемі 3,5 есеге артты. Мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, қызметтік автокөліктер алынды. Облыстық мәслихаттың алдағы сессияларында жергілікті полицияны қаржыланду мәселесі қаралатын болады», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Жаңа Заңға сәйкес жергілікті полиция қызметінің басшыларын ҚР Ішкі істер министрінің ұсынысы мен мәслихаттың келесімі бойынша облыс әкімі тағайындайтын болады. Мұнан бөлек, жергілікті полиция қызметінің басшысы жылына екі рет облыс әкімі мен мәслихаттың алдында және жылына бір мәрте тұрғындардың алдында есеп береді. Ал олардың киім формасы мен қару-жарағы, қажет құрал-жабдықтары өзгерусіз қалады», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Тұрғымбаев.
Бірлескен мәжілісте жергілікті полиция қызметінің жұмысын реттеу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Қызылорда облысында жергілікті полиция құрамына учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандардың істері бойынша құрылымдар, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша құрылымдар, тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды қабылдау-орналастыру бойынша құрылымдар, әкімшілік тұтқынға алынғандарды арнайы қабылдау орны, жол-патрульдік полициясы кіреді. Жалпы облыста жергілікті полиция 1011 қызметкерді біріктіреді. Ол өз жұмысын келесі жылдың 1 қаңтарынан бастайды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек