- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада «Достық үйі» ашылды (ФОТО)
Қызылордада «Достық үйі» ашылды (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, нысан бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатрының ескі ғимаратында орналасты.
Татулықтың темірқазығына айналған Елбасының бастамасымен құрылған Ассамблеяға биыл 20 жыл. Айтулы дата аясында Сыр өңірінде 2500-ден астам шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – осы «Достық үйінің» ашылуы. Ғимаратта 230 орынға арналған концерт зал, мәжіліс залы, асханасы бар. Сондай-ақ, өңірдегі 11 этно мәдени орталықтары және Ассамблеяның ардагерлер мен аналар кеңесі осында қоныстанды. Бұл орталықтар өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып, елдің саяси өміріне де белсенді араласатын болады.
«Ниет пен тілектің үндесуінің арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы. Егемендік алғалы ешкімнен кем, дұшпанға жем болған жоқпыз. Сыр елі сан ұлтқа сая болып келеді. «Достық үйі» татулық пен бірліктің, достық пен жасампаздықтың ордасына айналсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Шараға арнайы келген қонақтар Қызылорданың көрікті қалаға айналғанын айтып, халықтың жүзінен мейірімділік сезілетіндігін жеткізді.
«Әуежайдан түскеннен қазақтың біртуар азаматтары қарсы алып жатқандай сезімде болдым. Өйткені әрбір билбордта қазақтың ұлыларының суреттері ілініпті. Мені үлкен әсерге бөледі. Осы «Достық үйіне» кіріп келе жатқанда да адамдардың жүзінен қуанышпен мейірімділікті, бір-біріне бауырмалдықты байқадым. Қуаныштарыңыз құтты болсын», - деді ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов.
Салтанатты жиын барысында өңірдің дамуына өзіндік үлес қосып жүргендер «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық» мерекелік медалімен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс хатымен» марапатталды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды