- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 3 елді мекенге ауыз су тартылды (ФОТО)
Қызылорда облысында 3 елді мекенге ауыз су тартылды (ФОТО)
Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Ақжарма, Бесарық, Амангелді ауылдары ауыз суға қосылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 437,9 млн. теңге бөлініп, үш елдімекеннің ауыз су жүйелері қайта жаңғыртылған. Жобаны жүзеге асыру арқылы Сырдария ауданының тұрғындарын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
Ал мамандар елді мекендерге қосылған судың сапасын санитарлық талаптарға сай деп бағалады.
Ауданға жұмыс сапармен барған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындардың қуанышына ортақтасып, елді мекендерді суға қосу шарасына қатысты.
Жалпы облыс елдімекендерінің 71 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткіш республикада 48 пайызды құрайды.
Дәл осы күні Сырдария ауданына қарасты О.Мәлібаев атындағы ауылда үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен, көпбалалы 10 отбасы қоныс тойын тойлады. Қызылорда облысы құрылыс саласы бойынша республикада алдыңғы қатарда. Өткен жылы облыс орталығында 264 пәтер тапсырылса, биыл 2604 отбасы үйлі болды.
«Баршаларыңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Облысымызда құрылыс көлемі жылдан жылға артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда аймақта салынған құрылыс 3,5 есеге артқан. Ал Қызылорда қаласы бойынша 8 есеге. Осы арқылы біз үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешуді қолға алдық. Әлеуметтік проблема қашанда болған. Бірақ осы қарқынмен дамитын болсақ, кез-келген мәселені жолға қоюға болады. Алдағы уақытта да әлеуметтік қолдау жобалары қысқартылмайтындығын айтқым келеді. Қоныстарыңыз құтты болсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды