- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Мемлекет зейнетақы жинағының көбеюі мен сақталуын қадағалайды (ВИДЕО)
Н.Назарбаев: Мемлекет зейнетақы жинағының көбеюі мен сақталуын қадағалайды (ВИДЕО)
«Бізді бұл оқиға өте толғандырады. Ресей – біздің жақын көршіміз әрі серіктесіміз. Қазір Еуразиялық экономикалық одаққа бірге мүше болып отырмыз. Рубль бағамының өзгеруі бізге қалай әсер еткенін көрдіңіздер, егер бұл жағдай болмаса біздің экономиканың жағдайы әлдеқайда жақсы болар еді. Оның үстіне Түркиямен келіспеушілік қосылды. Түркиямен де, Ресеймен де Қазақстан жақсы қарым-қатынаста. Мен басында бұл ұстанымды жақындастыра түскім келді. Меніңше, бұл оқиға ешкімге пайда әкелмейді: Ресейге де, Түркияға да. Бұл оқиғадан шығу қажет. Ең тиімді жол – келіссөздер, бұл консенсус. Меніңше, бұл екі елдің де қызығушылығын арттыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Телесұхбат барысында Қазақстан Президенті елдегі зейнетақы жүйесіне өзгертулер енгізу қажеттігін айтты.
«Біріншіден, кім зейнетақыны төлейді? Мемлекет. Бұл маған тиесілі, қайда салғым келді, сол жерге салдым деп айтудың қажет жоқ. Бұл бұрындары болған. Біз қазір өзге елдің тәжірибесін алдық. Зейнетақы қорлары сақталып қалатындай және көбейетіндей жерде тұруы қажет. Біз, бір кездері бұл қызметті екінші дәрежелі банктерге олар сақтап, зейнетақыны көбейтуге жағдай жасау үшін тапсырдық. Ал, банктер өздері әлемдік экономикалық дағдарысқа душар болғанда бұл қаржыны жоғалтып та алар еді. Екіншіден, банкирлер еркелей бастады, олар бұл қаржыны өздерінің акционерлеріне несиеге бере бастады. Ал соңында мемлекет өз халқының алдында жауап беруі керек. Сондықтан, Ұлттық банкке біз уақытында тапсырдық. Бұл жауапкершілікті мемлекет өзіне алды. Ұлттық банк – бұл мемлекет», - деді ҚР Президенті.
Елбасы зейнетақы жинағын сақтау басымдықта екендігін атап өтті.
«Қазір Ұлттық банкте өте көп тапсырма бар, оның үстіне қаржы орталығы қосылып оыр. Әлемдік тәжірибе жеке меншік емес, мемлекетке тапсыру керектігін көрсетеді, яғни бұл мемлекеттің жеке меншіктегілермен келісім шарты, оның сақталуы мен көбеюіне тиімді жұмыс жасауға итермелеу. Бұған мемлекет қадағалау жүргізетін болады. Мемлекеттің міндеті – сақтауды қамтамасыз ету», - деді Н.Назарбаев.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады