• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қорғасын мен алтын өндіру бойынша қазақстандық ғалымдардың технологиялары шетелде қолданылады

Қорғасын мен алтын өндіру бойынша қазақстандық ғалымдардың технологиялары шетелде қолданылады

12 Желтоқсан, 2015 15:31
Қорғасын мен алтын өндіру бойынша қазақстандық ғалымдардың технологиялары шетелде қолданылады. Аталмыш әзірлеме бойынша ғалымдар 10 жыл бойы жұмыс істеді. Осы жылы Қазақстан Президенті ҚР минералды шикізаттың кешенді өңдеуінің Ұлттық орталығына мемлекеттік сыйлықты берді. Бұл туралы ҚР минералды шикізатты кешенді өңдеудің Ұлттық орталығының бас директоры, техникалық ғылымдардың докторы, академик Абдурасул Жарменов айтты.

«Бұл жұмыс Қазақстан Президенті ҚР минералды шикізаттың кешенді өңдеуінің Ұлттық орталығы, оның институттарының қорғасынды өңдеудің ұзақ жұмыстарының нәтижесі. Бүгін аталмыш технологиялар тек Қазақстанда ғана емес, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Азия мен Еуропада қолданылады», - деді академик.

А.Жарменов атап өткендей, Канада, Боливия, Италия, Бразилия, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінде қолданылды.

Орталық ғалымдары аталмыш инновациялық технологияларды 10-12 жыл ішінде әзірледі. Әлемдегі 10-шы қорғасын өндіру біздің тәжірибе бойынша жүзеге асады.

«Біз Астанадағы аффинаж зауытының алтын зерттеуінде технологиялық регламентіне де қатыстық», - деді ол.

Бас директордың айтуынша, аталмыш сыйлық әрбір адам үшін өте маңызды.

Айта кетейік, 3 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «2015 жылғы ғылым мен техника саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығын тағайындау туралы» Жарлығына қол қойды.

Айта кетейік, Әл-фараби атындағы ғылым мен техгика саласындағы мемлекеттік сыйлық 2015 жылы ғылыми жаңалық пен инновация енгізу саласында ерен еңбек еткендерге табысталады. Ғылым мен техника саласындағы сыйлық жылына екі рет беріледі. Сыйлықтың көлемі 18,6 млн теңге. Аталмыш шаралар ғалымдардың еңбегін ынталандырып, ғылым саласына айтарлықтай үлес қосуын жоғарылатуға бағытталған.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар