- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Әлтаев: «Алтын сапа» байқауына алғаш рет жеке кәсіпкерлер ғана қатысты
Н.Әлтаев: «Алтын сапа» байқауына алғаш рет жеке кәсіпкерлер ғана қатысты
«Осы жылы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрмесіне алғаш ретін мемлекеттік емес кәсіпорындар қатысты. Кәсіпкерлік қауымдастықтың бұл байқауға қатысу ниетін ескере отырып, осындай ірі шараның ұйымдастырушылары болып атанғанымыз біз үшін мәртебе», - деді ол.
Н.Әлтаевтің сөзінше, осы жылы байқауды өткізудің ерекшелігі комиссия құрамының өзгеруімен байланысты.
«Біз комиссия құрамын түгел өзгерттік, егер өткен жылы комиссия құрамында шенеуніктер мен мемлекеттік орган өкілдері болса, биыл кәсіпкерлердің өздері бағалады. Осы жылы тұңғыш рет Президенттің жарлығы мен нормативтік актілерге байқауды өткізу бойынша өзгерістер енгізілді», - деді ол.
Оның айтуынша, осы жылы байқауға мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары қатысты.
Айта кетейік, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының материалдары барлық үш номинация бойынша қаралды: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».
Егер 2006 жылы 52 кәсіпорын қатысса, бүгінде комиссия 153 өтінім ішінен әр номинация бойынша 10 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының материалдарын қарау жөніндегі сараптау топтары үш номинация бойынша: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Байқауға өңірлердің 144 жеңімпаз кәсіпорны қатысады.
«Қазақстанның үздік тауары» байқауының материалдарын қарап шығып, қорытынды жиналыс өткеннен кейін Президент Әкімшілігі жанындағы лауреаттар мен дипломанттар атағын беру жөніндегі комиссия екі байқаудың да ақтық жеңімпаздарын таңдайды.
Индира Кауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты