- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Түрікменстан мәжіліс спикерлері парламентаралық ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен Түрікменстан мәжіліс спикерлері парламентаралық ынтымақтастықты талқылады
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылай келіп, қарым-қатынастың нығаюы, екі ел басшыларының іс-сапарлары мен өзара кездесулерге жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ, қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру қазақстандық-түрікмендік өзара іс-қимылды жаңа сапалық деңгейге көтеретіндігі айтылды.
А. Нурбердыева басқа мемлекеттер ісіне араласпайтын, бейбітшілікті сүюге негізделген бейтараптықтың түрікмендік моделі жайында әңгіме қозғады.
Қ. Жақыпов Түрікменстанның әлемде ядролық қару таратпау ұстанымына беріктігін алға тартып, аталған елді осы жылдың қыркүйек айында МАГАТЭ ұйымына мүше болуымен құттықтады.
Кездесу иелері, екі мемлекеттің көліктік-транзиттік әлеуетіне назар аудара келіп, сауда-экономикалық ықпалдастық тақырыптарына да тоқталды. Парламент өкілдерінің айтуынша экономикалық байланысты жүйелі дамыту жолында «Казақстан – Түрікменстан - Иран» теміржолы магистралының өзіндік орны бар. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік жолы, «Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үнді» сынды ауқымды жобалардың маңыздылығы зор.
Қ. Жақыпов пен А. Нурбердыева екі ел парламенттерінің заңнамалық жұмысы бағытындағы тәжірибелерін сөз ете келіп, парламентаралық қатынасты одан әрі дамыту жайына көңіл бөлді. Осы ретте Мәжіліс Спикері түрікмендік әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды