• Басты
  • Астанада Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің мәжілісі өтті (ФОТО)

Астанада Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің мәжілісі өтті (ФОТО)

12 Желтоқсан, 2015 16:04
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ҚР Білім және ғылым минстрлігінің Алқа отырысынан кейін Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің үшінші мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі, халықаралық байланыс және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің өкілдері мен еліміздегі жоғары оқу орындарының  (ұлттық, мемлекеттік, акционерлік қоғамы) 39 ректоры қатысты.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесі мәжілісін  Кеңес төрағасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жүргізіп отырды.

Ректорлар Кеңесі 2015 жылдың 10 мамырында ҚР Білім және ғылым министрлігінің №288 бұйрығымен жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, болашақ мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін шешу және отандық ғылымды дамыту бойынша жоғары оқу орындар арасында қарым-қатынасты  нығайту мақсатында құрылған болатын.

Консультативті кеңес беру органы ретінде үш жылға дейін мерзімі бар Ректорлар Кеңесінің бұған дейінгі отырысында бірнеше сұрақтар қарастырылып, жоғары оқу орындарын лицензиялауға және аккредиттеуге, білім беру ұйымдарының рейтингісіне, ЖОО-ларды жаңғырту жөніндегі және ректорларды іріктеу, тағайындау, аттестаттау жөніндегі комиссия жұмысына қатысты мәселелер бойынша шешім қабылданса, Ректорлар Кеңесінің үшінші мәжілісінің Күн тәртібіне өзекті мәселер қойылды. Солардың бірі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруға қатысты нормативті-құқықтық актілердің жобаларын талқылау.

Бұл тақырып бойынша негізгі баяндаманы Кеңес төрағасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров және ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев жасады.

Сондай-ақ басқосуда Кеңес жұмысы  қорытындыланып, болашаққа бағдар түзілді: 2016 жылғы жұмыс жоспары бекітілді.

 

 

Барлық жаңалықтар