• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да гемотрансфузиологиялық қызметтің алдыңғы технологиялары таныстырылды

ШҚО-да гемотрансфузиологиялық қызметтің алдыңғы технологиялары таныстырылды

14 Желтоқсан, 2015 10:02
ШҚО-ның денсаулық сақтау саласының жетекші қызметкерлері Қан орталығында облыстық конференцияда кездесті, шара өңірдегі гемотрансфузиологиялық қызметтің алдыңғы технологияларын талқылауға бағытталды.

«Қан қызметі – ҚР денсаулық сақтау саласының маңызды бөлігінің бірі, ол трансфузиологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапалығын қамтамасыз етеді, елдің ұлттыққауіпсіздігін қамтамасыз етітін стратегиялық қызметке ие қызмет», - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Сергей Попов.

Конференция барысында қатысушыларға Қан орталығында қолданылатын алғашқы технологиялар таныстырлды.

С.Поповтың айтуынша, облыстың денсаулық сақтау ұйымдары қан құрамымен толық қамтылған.

Айта кетейік, «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ШҚО-да қан қызметі іске қосылды, ол халықаралық тәжірибеге сай, трансфузиология қызметінің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

 

Барлық жаңалықтар