- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың қорытындысы бойынша үздік әскери теңізшілер анықталды (ФОТО)
2015 жылдың қорытындысы бойынша үздік әскери теңізшілер анықталды (ФОТО)
2015 жылдың қорытындысы бойынша Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері халықаралық деңгейдегі 14 іс-шараға қатысты. «Сарыарқа» және «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдерінің қатысуы және «Каспий теңізі – 2015» теңіз биатлоны бойынша халықаралық жарыста 2-орынды иелену жарқын оқиғалардың бірі болды.
Онда қазақстандық әскери теңізшілер корабльді басқаруда, халықаралық жүйеге сәйкес жарық белгілерін қабылдау және беруде, әуе, теңіз және сүсті нысаналары бойынша атуда, батып бара жатқан корабльді және борттың арғы жағында қалып қойған жолаушыларды құтқаруда шеберліктерін көрсетті. Халықаралық сайысқа алғаш рет қатысып, олар өздерінің әзірлігін растады. Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарағын толықтыратын «Алатау» рейдтік тартқышты суға жіберу маңызды болып табылады.
Мұндай тартқыш бірден-бір болып келеді және композиттік материалдардан дайындалған жаңа үлгідегі корабльдердің жүзеге асуы болып табылады. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының шешімі бойынша 2015 жыл старшиналар жылы болып жарияланды, ал 2016 жыл ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде дене даярлықты жетілдіруге арналады. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы жаңа 2016 оқу жылында жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықта жаңа көрсеткіштерге қол жеткізіп, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің бұзылуына жол бермейтініне кәміл сенімдімін», - деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.
Одан басқа, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов үздік теңізші әскери қызметшілерді бағалы сыйлықтармен, грамоталармен марапаттап, алғыс жариялады. Жедел, жауынгерлік, жұмылдыру даярлығы мен жалпы қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін аталымдарда анықталып, ауыспалы вымпелдар табыс етілді. Үздік корабль – «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі, корабль командирі капитан-лейтенант А.Жұманов, үздік қамтамасыз ету бөлімшесі – 29011 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальоны, батальон командирі майор А.Жұманов пен үздік рота – рота командирі лейтенант Ф.Тағырбеков болды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр