О.Рыпакова: Нашақорлықтың басты қарсыласы- спорт (ФОТО)

14 Желтоқсан, 2015 09:46
Өскеменде нашақорлыққа қарсы күрес және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Өміріңді жарқын ет!» акциясы аясында салтанатты шара өтті. Шараға қатысқан еліміздің Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мектеп оқушылары мен студенттер арасында өзінің табысқа жету жолынан сыр шертті, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

«Рас, біз чемпионбыз, еліміздің, туған өлкеміздің мақтанышымыз. Біз Отанымыздың әнұраны орындалып жатқанда үлкен қуанышта боламыз. Алайда біз чемпион болып туылған жоқпыз, біз оған үлкен еңбекпен жеттік. Сүрініп жатып жыламауға, жеңіп жатын даңдайсып кетпеуді үйрендік. Бастысы шеттеп қалмау керек. Нашақорлықтың басты қарсыласы- спорт», - деп атап өтті О. Рыпакова.  

Шараны ұйымдастырушылар салтанатты атмосферада жастарға есірткі заттарының организмге қаншалықты кері әсерін тигізетінін көрсетуге тырысты.

«Жастардың алдында үлкен белестерге жол ашылған. Тек сіздер ғана дұрыс таңдау жасай аласыздар, ол сіздердің еркіңіз. Біз «жамандық» жастарға жетпесін деп қолымыздан келгенді жасаудамыз, алайда кейбіреулер біреудің қайғысынан пайда тапқанды ойлайды», - деп атап өтті ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес департаментінің бастығы полиция полковнигі  Эдеш Рахымжанов.

Барлық жаңалықтар