- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2015 жылға қарай технологиялық шығын 9,5%-ға дейін төмендемек – А.Сатқалиев
ҚР-да 2015 жылға қарай технологиялық шығын 9,5%-ға дейін төмендемек – А.Сатқалиев
«Ұлттық экономикаға энергетикалық тиімділік әкелетін маңызды параметрлердің ішінде, сөзсіз, жалпы ішкі өнімнің энергия жұмсалуы болып табылады. Мемлекет басшысы тарапынан 2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан экономикасындағы энергия жұмсалуын жылына 10 пайызға дейін төмендету тапсырмасы берілді. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылы Қазақстанның ЖІӨ энергия жұмсалуында мың АҚШ долларына 1,53 тонна мұнай эквиваленті тең келген», - деді Сатқалиев.
Салыстыру үшін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Жапонияның 0,1 пайызды құрайтын энергия шығынын мысалға келтірді.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның энергетика саласы қызметінің жұмысына қатысты сын айта келіп, «алдымен энергожинақтаудың негізгі мәселелерін шешіп алу керек, содан кейін ғана «жасыл экономика» туралы айтыңдар» -деді.
«Электроэнергетикалық кешен ҚР әлеуметтік-экономикалық саласында өте маңызды рөлге ие. Ол экономиканың басым секторларының бірі ретінде қаралады. Қазіргі таңда бірыңғай энергожүйеде шамамен 70 электростанция жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаты 20,4 Гвт. «Самұрық-Энерго» компаниясының орнатқан қуатының үлесі 23%», - деді компанияның Басқарма төрағасы.
«2014 жылдың соңына дейін барлық үлескер және тәуелді ұйымдарға энергоаудит өткіземіз. Алдымызға ең тиімді энергетикалық таза технологияларды енгіземіз деген мақсат қойып отырмыз. Соның ішінде электроэнергетика генерациясындағы таза көмір технологиясы, тұрғын үй газын тазалаудың заманауи әдістемесі мен көмірқышқыл газын сақтау», - деді ол.
Қолға алынып жатқан жұмыстар қазірдің өзінде өз жемісін беріп жатыр. Электростанциялардағы шартты жанармай шығынының азаюы төмендегі көрсеткіште:
«2011 жылы бізде 1 кВт сағатқа 364,3 грамм болса, биыл бұл көрсеткішті 1 кВт сағатына 362,9 граммға дейін жеткізе алдық. Ал 2015 жылы 362,1 граммға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», - деп нақтылады Алмасадам Сатқалиев.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»