ИИДМБ нысандары 6 жыл ішінде 5,4 трлн теңгенің өнімін өндірді - Н.Назарбаев

11 Желтоқсан, 2015 18:27
Егер индустриалды инновациялық даму бағдарламасын қорытындылайтын болсақ, онда 6 жылда 890 жаңа өндіріс ошағы ашылды, оларға 3,8 трлн теңге құйылды, өз кезегінде кәсіпорындар 5,4 трлн теңгенің өнімін өндірді, деп хабарлады ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпірдің қорытындысында.

«Егер индустриалды инновациялық даму бағдарламасын қорытындылайтын болсақ, онда 6 жылда 890 жаңа өндіріс ошағы ашылды. Сонымен қатар 85 мың жаңа жұмыс орны құрылды, ал құрылыс барысында олар тіптен көп болды», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті атап өткендей, кәсіпорындардың құрылысына  3,8 трлн теңге құйылды, өз кезегінде кәсіпорындар 5,4 трлн теңгенің өнімін өндірді.

«Рас үлкен істе кідірістер болады, алайда жаңадан салынған кәсіпорындардың 95% жұмыс істейді. Олар жылына 1 трлн теңгенің өнімін экспортқа шығарады», - деп баса айтты ҚР Президенті.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар