ҚР Президенті елдің химия саласын дамытуды тапсырды

11 Желтоқсан, 2015 17:58
Қазір тыңайтқыштар өндірісінің көлемі жылына 400 мың тоннаны құрап отыр, бұл аграрлық кешеннің әлеуетін есебі мен тыңайтқышқа жасалатын шикізатқа жетпейді. 2020 жылға таман тыңайтқыштар шығарылымын 6-7 есеге көбейту жоспарланған. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыұлттық телекөпірі аясында.

«Химиялық сала біз үшін өте маңызды, толыққанды агротехникалық кешен құрылуда. Қазір тыңайтқыштар өндірісінің көлемі  жылына 400 мың тоннаны құрап отыр, бұл аграрлық кешеннің әлеуетін есебі мен тыңайтқышқа жасалатын шикізатқа жетпейді. 2020 жылға таман тыңайтқыштар шығарылымын 6-7 есеге көбейту жоспарланған», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұрындары химиялық сала дамымай тұрған. Мәселен, Н.Назарбаев гербицид гифосаты туралы айтып өтті.

«Бұл өнім бұрындары өндірілмеген болатын. Глифосат, ол туралы маған аграрилер үнемі айтатын. Енді ол Таразда шығарылатын болады. Глифосатсыз жер өңдеуді тікелей жүзеге асыруға болмайды. Күрделі тыңайтқыштарды біз қолданған жоқпыз. Бұл ауыр шаруашылығы саласының өндірісін ұлғайтады», - деді ҚР Президенті.

 

 

Барлық жаңалықтар