Н. Назарбаев: Экономиканың сервистік-индустриалды моделіне көшу маңызды

11 Желтоқсан, 2015 17:46
Қазіргі кезде экономиканың сервистік-индустриалды моделіне үдемелі көшу керек. Сапалы қызметті кәсіптік қызмет, инжиниринг, жоғарытехнологиялы сервистік логистика алуы тиіс. Бұл туралы жалпыұлттық телекөпірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Әлемде кез келген мемлекет алғашқы орта білім беру ісін тегін жүргізеді. Бәлки, ондай деңгейге жете алмай жатқан елдер бар болса да, біз орта арнаулы білімнің өзін мемлекет есебінен тегін қолжетімді етуге тырысудамыз. Осыны ескерген жастарымыз ендігі жерде арнаулы кәсіби мамандықтардың шыңына шығуға ұмтылуы керек. Бірақ, жоғары білімге қол жеткізу де оңайлықпен бола қоймайтынын әрқайсымыз білуіміз қажет.Экономиканың сервистік-индустриалды моделіне үдемелі көшу маңызды. Сапалы дамуға бір-біріне байланысты секторлар, кәсіби қызметтер, инжиниринг, жоғары технологиялық сервистік логистика қол жеткізуі керек», - деді Президент.

Оның айтуынша, сервистік қызметте қазір жұмыс орындарының қажеттілігі жоғары.

 «Көліктің құнында тек металды жинақтан ғана тұрмайды, яғни оны алып келу керек, зауыттарда қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілік етеді. Автомобиль құнынының 20-30 пайызы халық жұмыс істеп жатқан сервистік қызметтерге тиесілі. Сондықтан да мен сервистік- индустриалды саясат жайында айтып отырмын, себебі, дәл осы жерлерде жұмыс орындары құрылады», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астанада Индустриалды-инновациялық бағдарламасының, оның ішінде 2015 жылдың қорытындысы шығарылады деп жоспарланған, сонымен бірге Президент Н.Назарбаев онлайн режимде Индустриаландыру картасының 18 жаңа нысанын іске қосты.

 

 

Барлық жаңалықтар