Қазпочта Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшқанына арнап марка шығарды (ФОТО)

11 Желтоқсан, 2015 19:47
«Қазпочта» АҚ ғарышқа ұшқан алғаш Қазақстан Республикасының азаматы Айдын Айымбетовқа арналған марканы пошталық айналымға енгізгенін хабарлайды.

2015 жылдың 2 қыркүйегінде командир С. Волков, бортинженерлер А.Могенсен және А.  Айымбетов «Союз ТМА – 18М» ғарыш кемесінде №1 («Гагаринский старт») алаңынан ғарышқа ұшты. Бұл Байқоңыр ғарыш алаңынан жіберілген 500-інші тасығыш- зымыран. Осы жылы Байқоңыр ғарыш алаңы 60 жылдығын тойлайды.

Марка 4 бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ, 8 маркадан тұрады. Парақтың өлшемі 140 х 120 мм. Марканың өлшемі  28 х 40 мм. Таралымы – 5 000 дана. Суретші  Қ. Ибрайшин. Құны 300 теңге. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

Айта кетейік, «Қазпочта»  АҚ – почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.

 

 

Барлық жаңалықтар