• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: ИИДМБ бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша өңделмеген алтын өндірісі 2 есеге өсті

Н.Назарбаев: ИИДМБ бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша өңделмеген алтын өндірісі 2 есеге өсті

11 Желтоқсан, 2015 17:32
ИИДМБ бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша өңделмеген алтын өндірісі 2 есеге өсті, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыұлттық телекөпір барысында.

«Бірінші бесжылдықтың қорытындысына сәйкес өңделмеген алтын өндірісі 50 тоннаға дейін артып 2 есеге жуық өсім көрсеткен. Елде өндірілген барлық алтынның 90 пайызы өзімізде өңделеді»,- деді Елбасы.

Елдің Ұлттық банкі осы жылдар ішінде 76 тонна отандық алтын құймаларын сатып алды. Мұның барлығы да біздің қорымыздың қазақстандық алтын қоры болып табылады.

«Қара металлургия саласында айтарлықтай өзгерістер болуда. Шөген өндіруден дайын өнім жасауға көшіп отырмыз. Бес жыл ішінде жыл сайын арматураны өндіру 8 есеге өсіп, 800 мың тоннаны құрады. Бұл құрылыс индустриясына қажетті метал», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар