• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі: АӨК субъектілерінің көлемі 2013 жылы 183 млрд теңгені құрайды

«ҚазАгро» Ұлттық Холдингі: АӨК субъектілерінің көлемі 2013 жылы 183 млрд теңгені құрайды

7 Қараша, 2013 15:45
Алматы қаласының сауда-саттық аумағында 32 млрд теңге тұратын 46 жоба (41 инвестициялық жобалардың ішіндегі) «КазАгро» Ұлттық басқару холдингі институтының мақұлданғанын Алматы облысының аргоөнеркәсіптерінің бірі «Алатау Құс» құс фабрикасында болған ҚР-ның Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстың кәсіпкерлерімен болған кездесуде «ҚазАгро» бағдарламасы мен Ұлттық басқару холдингінің ұсынған инвестициялық жобалардың оңтүстік сауда аймағының жүзеге асуы талқыланды. 

« Бүгінгі күні «ҚазАрго» холдингі тарапынан Алматы облысының барлық аймақтарын қаржымен қамтамасыз ету толық қамтылған. Ол 2 аудан қалалық мағызы бар, 2 қала облыстық маңызы бар. Барлығын қосқанда 46 млрд теңгені құрайтын 2 430 қарыз алушыларды құрап отыр.

Жалпы, «ҚазАгро» холдингі ауыл-шаруашылығының  өндірісі  нысандарына бүгінгі күні аймақтық 4 жобаны қаржыландырып отыр. Соның ішінде құрылыс саласы және құс фабрикасын қайта жөндеу жұмыстары жұмыртқа мен ет  бағытына жүргізіледі. Ондағы жалпы өнім көлемі 220 мың дана жұмыртқа және 42,8 мың тонна» -делінген хабарламада.

Одан бөлек, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі Алматы қаласындағы жалпы өнім көлемі 19 мың тоннаны құрайтын сүт өнімін қайта өңдеу бағытындағы 4 жобаны, 24,27 га жерді алып жатқан 8 түрлі бағыттағы жылыжайларды салу және 5209 мың тонна көкөніс өнімдерін щығаратын жобаларды қаржыландырып отыр.

Сонымен бірге, аймақта 16,2 мың тоннаны құрайтын 3 қойма салынған. Сондай-ақ, холдинг  жылына 4,6 мың тонна шығаратын ет өнімдері және етті қайта өңдеу өнімдері бойынша 16 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр. Холдинг компаниялары тарапынан бидай өнімдерін өңдеу, нан өнімдерін шығару және макарон өнімдерін, балық өнімдері бойынша, май шығаруға көмек беріледі.

Жалпы, құс фабрикасындағы кездесуде «КазАгро» Ұлттық басқару холдингі тарапынан 2013 жылғы Агроөнеркәсіп кешендерінің субьектілеріне 183 млрд теңгені құрайтын қаржылай көмек көрсетілді. Бүгінгі күні оның 153 млрд теңгесі және Алматы және Алматы облысына бөлінген  12 млрд теңге игерілді.  

 

 

Барлық жаңалықтар