ҚР-да еңбек өнімділігі 1,6 есе артты – Елбасы

11 Желтоқсан, 2015 17:21
ҚР-да еңбек өнімділігі 1,6 есе артты, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпірдың қорытындысы бойынша.

«Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы тарихқа айналды, бірақ екінші бесжылдықтың бірінші жылының қорытындысы аталмыш бағытта жұмысты кеңейте түседі. Біз 10 жыл ішінде еңбек өнімділігін екі есе арттыру міндетіне жақындап қалдық.  Бүгінгі кезеңде елімізде еңбек өнімділігі 1,6 есе артты», - деді Н.назарбаев.

2015  жылы Қазақстан 50 үздік экспорттаушыларының қатарына еніп, 43-ші орынға ие болды.  

Мемлекет басшысы атап өткендей, 2014 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық экспорттың көлемі ОА аймағы экспорты көлемінен 30 пайызға артық болды.

«Бұл орта кәсіпкерлік, біздің экспорт құрылымында дайын және өңдеуші өнімнің төрттен бірін құрап отыр. Бұл Қазақстанның ДСҰ-ның толық мүшесі ретіндегі сәтті бастамасы», - деді Елбасы. 

Барлық жаңалықтар