• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы іске қосқан 18 жаңа жоба ҚР экономикасына кем дегенде 270 млрд теңге құяды

Елбасы іске қосқан 18 жаңа жоба ҚР экономикасына кем дегенде 270 млрд теңге құяды

11 Желтоқсан, 2015 17:12
Индустриялындыру күні аясында қосылған 18 жоба Қазақстан экономикасына кем дегенде 270 млрд теңге құяды. Бұл туралы жалпыұлттық телекөпір аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Олар Қазақстанның 8 өнеркәсіп өндірісінде жүзеге асырылды. Әрбір жаңа кәсіпорын жыл сайын орташа есеппен 81 млрд теңгенің өнімін шығарады. Бұл жобалар біздің экономикаға кем дегенде 270 млрд теңге құяды», - деді Мемлекет басшысы.

Ол атап өткендей, іске қосылған өндіріс аясында 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Айта кетейік, Үкімет жылына екі рет телекөпір түрінде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға есеп береді.

2015 жылы индустриаландыру картасы бойынша барлығы 120 жаңа нысан пайдалануға беріліп, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Жалпы, бағдарлама жүзеге асырылған 6 жылда елімізде 890 өндіріс іске қосылды. 85 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Жобалардың 90 пайыздан астамы жеке бизнестің есебінен жүзеге асты.

 

Барлық жаңалықтар