- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Қазақстандағы үш жеңіл өнеркәсіп зауытын іске қосты
Н.Назарбаев Қазақстандағы үш жеңіл өнеркәсіп зауытын іске қосты
Атырау облысындағы «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС өңірдегі жүн өндірісін өркендетіп келеді. Кәсіпорын жетекшісі Назгүл Есмақанованың айтуынша, жүн өңдеу цехы жылына 100 тонна түйе, 300 тонна қой жүнін тереңдете өңдей алады. Мемлекет басшысынан цехты іске қосуға рұқсат сұраған кәсіпорын басшысы өз өнімдері қазірдің өзінде Италияға экспортталып жатқанын атап өтті.Мемлекет басшысы Атыраудағы ірі өңдеу цехының іске қосылғанына ризашылығын білдіріп, аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өңірде қолға алып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді. Сондай-ақ, ОҚО-дағы текстиль өндіретін бұйым «Алем БТ» ЖШС 1,9 млн теңгені тартып, 50 жұмыс орнын ұсынды.
«Астана – жаңа қала» ЕЭА-дағы «ASTANA Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС «KazTexExpo» жаңа автоматтандырылған сауда-өндірістік кешенін жүзеге асырды, оның ресми іске қосылуы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "онлайн" режимде іске қосылды. «Өндіріс индустриялды паркте 2 гектар жерді алып жатыр. Құрылыстың жалпы алаңы 7 мың шаршы метр. Біз барлық заманауи технологияларды қолдандық», - деді «ЮТАРИЯ ltd» компаниялар тобының директоры Сәуле Шаукенова.
«Кәсіпкерлік сонымен қатар, елде жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіпорын құруды дамытуда консалтинг қызметін ұсынады. Біз Қазақстанда Zoje әлемдік брендін ұсынып отырмыз. Біз бүгін серіктестерімізге технологиялық ағымдардың есебін ұсына аламыз. Толық қуаттылыққа шыққан соң тігін бұйымының 500 түрі шығарылып, 700 мың тігін бұйымдары өндіріледі», - деді ол.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын