Жамбыл облысында жаңа тау-кен байыту комбинаты іске қосылды

11 Желтоқсан, 2015 16:51
Жалпыұлттық телекөпір аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев онлайн режимде Жамбыл облысындағы «ЕуроХим-Қаратау» тау-кен байыту комбинатын іске қосты.

«ЕуроХим-Қаратау» ЖШС фосфат кенін өндіру кешені химия өндірісінің орталығы Жамбыл өңірінде орналасқан. Зауыт топырақтың құнарын арттыру үшін қолданылатын минералды тыңайтқыштардың бірнеше түрін шығарады. Нәтижесінде егін шаруашылығына қажет жоғары сапалы өнім алынады. Жоба Қаратау мен Жаңатас қалаларының әлеуметтік экономикалық ахуалын жақсартуға ықпалы зор. 400-ге жуық жұмыс орны ашылады. Тыңайтқыштардың 40 пайызы ішкі нарыққа жөнелтіледі. 60 пайызы ТМД елдеріне экспортталады», - деді бас директор Дмитрий Валышев.

Н.Назарбаев атап өткнедей, Қаратау тау-кен байыту комбинаты әрқашан стратегиялық жоба болды, оның құны шамамен 1 млрд доллардан асады.

«Бұл Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін арттырады», - деп толықтырды ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы жалпыұлттық көпір аясында жаңа 18 индустриалды нысанға бастау береді. 

Барлық жаңалықтар