• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: 2014 жылы қазақстандық экспорттың көлемі ОА аймағы экспорты көлемінен 30 пайызға артық болды

Н.Назарбаев: 2014 жылы қазақстандық экспорттың көлемі ОА аймағы экспорты көлемінен 30 пайызға артық болды

11 Желтоқсан, 2015 16:43
2014 жылы қазақстандық экспорттың көлемі ОА аймағы экспорты көлемінен 30 пайызға көп болды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясындағы жалпыұлттық телекөпір барысында.

«Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы тарихқа айналды, бірақ екінші бесжылдықтың бірінші жылының қорытындысы аталмыш бағытта жұмысты кеңейте түседі. Осы жылы Қазақстан 50 үздік экспорттаушыларының қатарына еніп, 43-ші орынға ие болды», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы «2014 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық экспорттың көлемі ОА аймағы экспорты көлемінен 30 пайызға артық болды».

«Бұл орта кәсіпкерлік, біздің экспорт құрылымында дайын және өңдеуші өнімнің төрттен бірін құрап отыр. Бұл Қазақстанның ДСҰ-ның толық мүшесі ретіндегі сәтті бастамасы», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар