• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті дизельді қозғалтқыштар өндірісі бойынша зауытты іске қосты

ҚР Президенті дизельді қозғалтқыштар өндірісі бойынша зауытты іске қосты

11 Желтоқсан, 2015 16:32
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір барысында «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы»ЖШС - Ақтау теңіз халықаралық сауда портының солтүстік бағытта кеңейту жобасына бастау берді, сонымен қатар GEVO дизельді қозғалтқыштар өндірісі бойынша «Астана Дизель Сервис»ЖШС зауытын іске қосты.

«Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС - Ақтау теңіз халықаралық сауда портының солтүстік бағытта кеңейту жобасы аясында Маңғыстау облысында 204 адам жұмыс орындарымен қамтылады.

Жоба басшысылығы атап өткендей, республиканың көлік инфрақұрылымын дамыту еліміздің транзиттік әлеуетін арттырудың негізі болып табылады. Сонымен қатар қазақстандық тауарларды халықаралық нарықта саудалаудың алғы шарты.

Сонымен қатар, Мемлект басшысы онлайн режимде GEVO дизельді қозғалтқыштар өндірісі бойынша  «Астана Дизель Сервис»ЖШС  зауытын іске қосты, ол 87 тұрақты жұмыс орнын ұсынады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар