Н.Назарбаев «онлайн» режимде 4 астық өндірісін іске қосты

11 Желтоқсан, 2015 16:25
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4 астық өндірісі кәсіпорнын іске қосты. Нысандарды іске қосу жалпыұлттық телекөпір барысында орындалды.

Ақтөбе облысының Алға ауданындағы «Актел» ЖШС ет өңдеу комбинатында 10 мың ірі қара бар. Мал бордақылаудан союуға дейінгі процесс қажетті технологиямен қамтамасыз етілген. Мал соятын өндірістік цехта жоғары сапалы мұздатылған ет өндіріледі. Талапқа сай өнімнің көп бөлігі Ресейге экспортталады. Кәсіпорын сағатына 15 бас, жылына 32 мың бас ірі қара малының етін өңдейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» ЖШС тез пісетін тағамдар өндірісі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Құрғақ таңғы ас, қоспаларды шығаратын мұндай өндіріс Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Заманауи технологиялармен жабдықталған. Қауіпсіз, сапалы тағамдар еліміздің барлық аймағына таратылады.

Жалпы құны 1 млрд АҚШ долларына бағаланып, Қостанай облысында орналасқан «Жасқанат– 2006» ЖШС-нің құс фабрикасының жылдық өнімділік қуаты 250 дана млрд. жұмыртқа шығарады деп есептелген. Сонымен қатар, бұл аймақта өндірілген отандық тауарлардың 15 пайызы экспортталады деп жоспарланған.

Ал Ақмола облысындағы «CapitalProject LTD» ЖШС бройлер құс фабрикасы болса, өңірдегі азық-түлік белдеуінің құрылуына және оны отандық тауарлармен қамтамасыз етуге негізделген. Тікелей байланысқа шыққан кәсіпорын басшысының айтуынша, құс фабрикасындағы екінші нысанның іске қосылуы, құс еті экспортын 15 пайызға азайтуға қауқарлы екен.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 3 іс-шараны біріктірген Индустриаландыру күні өтуде.

Жалпыұлттық телекөпір, оның барысында Индустриалды-инновациялық бағдарламасының, оның ішінде 2015 жылдың қорытындысы шығарылады деп жоспарланған, сонымен бірге Президент Н.Назарбаев онлайн режимде Индустриаландыру картасының 18 жаңа нысанын іске қосылуда.

Индустриаландыру картасы аясында 6 жылда (2010-2015 жылдар аралығында) 890 жоба іске қосылды. 85 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардың 90% астамы жеке бизнестің есебінен жүзеге асты. 

Барлық жаңалықтар