Мемлекет басшысы Алматы облысындағы фармацевтикалық зауытты іске қосты

11 Желтоқсан, 2015 16:21
Бүгін Астанада Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы жаңа фармацевтикалық зауытты іске қосты.

Алматы облысындағы фармацевтикалық зауыт халықаралық талаптарға сәйкес дәрі-дәрмек шығарады. Кәсіпорын еліміздің дәрі-дәрмекті сырттан тасуын азайтып, фармацевтика дамуын 10 пайызға арттырып, жетекші елдердің қатарына енуіне мүмкіндік береді.

Зауыт шығаратын қан қысымын төмендететін және туберкулезге қарсы препараттар, қандағы қант құрамын төмендететін дәрілер мен жаңа антивирустық препараттар сапалы әлі қауіпсіз. Өнім экспортқа да бағытталған.

Телекөпір барысында «Абди Ибрахим ГлобалФарм» ЖШС бас директоры жеткізгендей, жаңа зауыттың қуаттылығы жылына 1,5 млрд дәрі-дәрмек пен капсуланы құрамақ.

Барлық жаңалықтар