- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтады
7 Қараша, 2013 15:20
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға оның Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өз құттықтауында Қазақстан Президенті сайлаудағы жеңіс Тәжікстан халқының Э.Рахмонға және оның елдегі тұрақтылықты сақтау, тұрғындар әл-ауқатын арттыру бағытына деген жоғары сенімінің белгісі екенін атап өткен.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің қызметі елдің одан әрі өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген.
«Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың аясы біздің бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін алда да кеңейіп, нығая түсетініне сенемін», – делінген жеделхатта.
Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Э.Рахмонға зор денсаулық және жаңа табыстар, сондай-ақ достас тәжік халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді