Римде Қазақстанның толеранттылық мәдениеті талқыланды

11 Желтоқсан, 2015 18:41
Италияның Парламентінде «Қазақстандағы алуан түрліліктегі толеранттылық пен бірлік саясаты» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Шараны Италиядағы Қазақстанның Елшілігі мен итальялық ISAG институты ұйымдастырды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Дөңгелек үстелдің жұмысын Италияның институционалды органдарының өкілдері, белді сарапшылары, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен зерттеу орталықтарының мамандары және БАҚ қатысты.

Шараның мақсаты Қазақстандағы толеранттылық мәдениетін талқылау және оны жаһандық тұрақсыздық жағдайында одан ары сақтап қалудың жолдарын қарастыру болды.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысын ISAG институтының сарапшысы Дарио Читати ашты, ол қатысушылар назарына монаграфия ұсынды. Аталмыш монаграфия «Еуразия» бағдарламасы аясында ISAG институтының сарапшылары мен профессорлары дайындаған болатын.  

Барлық жаңалықтар