- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Премьер-Министрі «Парыз» байқауының алтын мүсіншелерін табыстады
Қазақстанның Премьер-Министрі «Парыз» байқауының алтын мүсіншелерін табыстады
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына 79 үміткер қатысты. Аталған номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қарастырылды.
«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 98 өтінім қаралды. Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі бағаланды.
Биыл байқаудың Бас жүлдесіне жұмыста, сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген «Самұрық Энерго» АҚ ие болды. Жеңімпазға жоғарғы марапатты Мемлекет басшысы тапсырды.
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша Қызылорда облысының өкілдері – ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Саутс-ойл» ЖШС, сонымен қатар, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында «Абзал және К» ТС жеңіске жетті.
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында Ақтөбе облысының «Ақбұлақ» АҚ, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында Павлодар облысынан «Мойылды шипажайы» АҚ жеңімпаз атанды.
Биыл байқауға республиканың барлық өңірінен 541 кәсіпорын қатысты. Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Шығыс Қазақстан облысынан болды - 57. Қарағанды және Павлодар облыстарынан сәйкесінше 56 және 53 өтінім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы Елбасының 2008 жылғы Жарлығымен тағайындалған болатын. Жалпы алғанда байқауға 8 жылдың ішінде кіші, орта және ірі бизнес кәсіпорындарының 3 мыңнан астам өкілдері қатысты.
Ботагөз Айтжанова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі