- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаевқа «Ұлттық чемпиондар» таныстырылды (ФОТО)
Н.Назарбаевқа «Ұлттық чемпиондар» таныстырылды (ФОТО)
Холдинг баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жоба көшбасшылары қатарына жеті қазақстандық компания енді. Олар «Масло Дел», «RG Brands», «Alageum Group», «Баян Сұлу», «Alina», сонымен қатар «Eurasian Foods Corporation».
Жалпы бағдарламаға 300 компанияның ішінен іріктелініп алынған 28 мықты отандық компания қатысуда. Олар АӨК, машинақұрылысы және құрылыс материалдарының өндірісі салаларынан. Жоба мақсаты – қайта өңдеу саласындағы ірі қазақстандық компанияларға қолдау көрсету және импортты алмастыру.
«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын кешенді жүзеге асыру тек үш пилоттық сала бойынша шамамен 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, еңбек өнімділігін 30%-ға арттырады, ішкі тікелей инвестициялардың 72 млрд теңгеге өсімін қамтамасыз етеді. Шикізаттық емес экпорт 38 млрд теңгеге, бюджетке қосымша түсім салық ретінде 24 млрд теңгеге дейін өседі», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін «Байтерек» холдингі «McKinsey&Company» сарапшыларымен бірлесіп 100-ден астам бизнес бастамаларды жасақтады. Қазіргі таңда қатысушы компаниялар аталмыш бизнес бастамаларды өздерінде енгізуде.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Масло Дел» компаниясы жобаға қатысу аясында орташаұзақмерзімде өсімдік майын Қытайға экспорттауды кеңейтпекші, сонымен қатар ірімшік өнімдерінің өндірісі мен оны Ресейге экспорттауды дамытпақшы.
«Бағдарлама аясында «Бәйтерек» холдингісі 1,2 млрд теңге көлемінде қаржылай көмекті мақұлдады, бұл біздің капиталды айтарлықтай нығайтады. «Ұлттық чемпиондар» жобасының қорытындысы бойынша сатылым көлемін 15,9 млрд теңгеге дейін арттыруды көздеп отырмыз», - деді «Масло Дел» компаниясының бас директоры Павел Селиванов.
«RG Brands» жоспарында экспорт үлесін 25%-ға арттыру, сатылым географиясын 60 млн адамды қамту арқылу кеңейту бар. Ал, «Alageum Electric» компаниясына жобаға қатысу Шымкентте қуаттылығы 220-500 кВ транформатор өндірісі бойынша зауыттың құрылысы жүзеге асыруға, осылайша ТМД-дағы үздік транформатр өндірушілер үштігіне енуге мүмкіндік береді. «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы Ресейге экспортты арттыруды мақсат етіп отыр.
«Eurasian Foods Corporation» компаниясы бағдарламаны жүзеге асырудан экспорт 4 млрд теңгеге, еңбек өнімділігі 20%-ға пайызға артады деп күтуде.
Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық чемпиондар» жобасы 2015 жылы көктемде іске қосылды.
Ботагөз Айтжанова
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО) -
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)
-
Карантин құрсауындағы қала (ФОТО) -
Нұр-Сұлтан қаласында 30 мың медициналық маска тегін таратылып жатыр (ФОТО) -
Елорда жаппай дезинфекцияланды (ФОТО)