Ақмола облысында аяқ-киім фабрикасы ашылды (ФОТО)

12 Желтоқсан, 2015 11:03
Ақмола облысының Целиноград ауданында таза былғарыдан жасалған аяқ-киім дүкені ашылды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Ақмола облысының Целиноград ауданында аяқ киім тігетін жаңа кәсіпорын ашылды. Облыс әкімі Сергей Кулагин өңірге жұмыс сапары барысында аталған цехтың ашылу салтанатына қатысып, ұжым мүшелерін қуаныштарымен құттықтады. 

«SAMHAT» ЖШС-і аталатын кәсіпорын Ресей, Беларусь, Түркия, АҚШ, Англия және Шығыс Еуропа елдерінің жетекші фабрикаларының технологиясы бойынша арнайы мақсаттағы аяқ киімдерді шығарады. Әзірге, кәсіпорын ҚР Қарулы күштерінің тапсырысы бойынша жұмыс істеуде.

Ұсынылған өнімнің негізгі артықшылығы сапасында болып отыр. Өнім  сапалы болуы үшін шетелдің жетекші фабрикаларының технологиясы бойынша жұмыс істейді. Өнім барлық талаптарға және ҚР мемлекттік стандартына сай келеді.

 Ал, кәсіпорнының қуатына келетін болсақ, жылына 500 мың пар аяқ киім шығара алады. Тапсырыс болып жатса өнімділікті одан әрі арттыруға болады. Кәсіпорынның ашылуы 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Айта кетейік, аталған жобаның құны 300 миллион теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорын осыған дейін Астана қаласында ғимарат жалдап келген болатын.

2014 жылы Целиноград ауданының Максимовка аулында бос тұрған ғимаратты жөндеп, қайта қалпына келтірген. Алдағы уақытта өндіріс аясын кеңейтіп, тұрғындар күнделікті киетін аяқ киімнің бірнеше түрін шығару көзделген.

Барлық жаңалықтар