• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

11 Желтоқсан, 2015 14:47
Астанада «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, «Парыз-2015» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтіп жатыр.

Тауар өндіруші және қызмет көрсетуші компаниялардың арасынан жеңімпаздарды анықтау арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымдарда халықаралық сапа стандарттарын енгізу байқаудың бас мақсаттарының бірі болып табылады.

«Үздік тауар-2015» жеңімпаздары:

«Халық тұтынатын ең үздік тауар»:  «Казлегпром-Алматы» ЖШС ( директор Айбек Бектұрғанов), «ТА-Мак» ЖШС (Гүлмира Қонкашева), «Қазбергенов» ЖК (Нұрбек Қазбергенов)

«Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауар»: «Бемер Арматура» ЖШС (Андреас Кефер), «Стекло-Сервис» ЖШС (Аркадий Рубцов), «Бриссоль» ЖШС (Сергей Боков)

«Ең сапалы азық-түлік тауары»: «Рыбпром» ЖШС (Бақытжан Мұсанов), «Аян-Озат» ЖШС (Светлана Турук), «Айс-плюс» ЖШС (Мираиф Жандәулетов).  

Сондай-ақ,  ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі мен «Парыз-2015» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара аясында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев үздік кәсіпкерлерге "Іскер" арнайы сыйлығын табыс етті.

Барлық жаңалықтар