Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын 2015 жылы 9 кәсіпорын алды (ФОТО)

11 Желтоқсан, 2015 14:20
Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттауда.

Өндірістік үздік кәсіпорын иегерлері: «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Солтүстік Қазақстан облысы, ОҚО-дағы «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС, Алматыдағы «Құбыр арматурасының қазақстандық зауыты» ЖШС.

Халыққа арналған ұздік тауарларды өндіруші: Алматы облысындағы «Байсерке Агро» ЖШС, БҚО-дағы «Агроөндіріс ЛТД» ЖШС, Астанадағы «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі» ЖШС.

Қызмет көрсетуші үздік компаниялар: Астанадағы «BI Holding» ЖШС, Алматыдағы «Исткомтранс» ЖШС, Маңғыстау облысындағы «Ынта» ЖШС.

Айта кетейік, биыл «Алтын сапа» сыйлығына 10 жыл толды.

Елімізде өндірілетін өнімдердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi етуді мақсат тұтқан байқау биыл да бизнес саласының үздіктерін анықтап, Елбасы сыйлығымен марапатталады.Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. 

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар