- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет 2016 жылдың сәуір айына дейін ҚР-да ТжКБ жобасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын түзеді
Үкімет 2016 жылдың сәуір айына дейін ҚР-да ТжКБ жобасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын түзеді
«Ағымдағы жылы ақылы негізде техникалық мамандық бойынша білім алып жатқандар үшін Республикалық бюджеттен 5358 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева бастаған жұмыс тобы құрылды. Бұл топқа жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Бұл жұмыс тобы Қазақстанда тегін техникалық және кәсіптік білім беру жобасын жүзеге асыру мақсатында шаралар жоспарын түзуі тиіс», - деді Ә.Сәрінжіпов.
Министр кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту департаментіне облыстық және Астана мен Алматы қаласының білім беру басқармаларымен бірлесіп жұмыс тобын құруды тапсырды. Сонымен қатар, ТжКБ жүйесінің бүгінгі жағдайына талдау жүргізуді міндеттеді.
Бұдан басқа, түлектер мен жұмыссыз жүрген жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жандандыруды жүктеді.
«Елбасы 2017 жылы «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа жобасын жүзеге асыратын жыл деп жариялады. Бұл тұрғыда заңнамалық негіз бар. Сәйкесінше өзгерістер «Білім беру туралы» ҚР Заңына енгізілді және ҚР Президенті қол қойды», - деп хабарлады ҚР БҒМ басшысы.
Сәрінжіповтың айтуынша, еліміздегі 800-ден астам колледждерде шамамен 500 мың студент 183 мамандық түрі бойынша білім алуда. Оның ішінде 139-ы техникалық мамандық, жалпы білім алып жатқандардың 58% техникалық және ауыл шаруашылығы саласы мамандықты игеруде.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады