• Басты
  • Қазақстанда ЖҚЖК-2020 аясында барлық экс-сотталушылар жұмыспен қамтылды

Қазақстанда ЖҚЖК-2020 аясында барлық экс-сотталушылар жұмыспен қамтылды

11 Желтоқсан, 2015 13:32
2015 жылдың 1 қарашасына сәйкес, «Бизнестің жол картасы-2020» қатысушылары болып жазасын өтеп шыққан 262 адам атанды, оның 96 пайызы жұмысқа орналасты, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу!» атты түрме реформасының III форумында.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жазасын өтеп шыққан тұлғалар үшін мемлекеттік қолдау қарастырылған, кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыру шаралары қолданылады. Шағын несие ұсыну арқылы кәсіпкерлік құруға көмек көрсету, төмен экономикалық әлеуеті бар аймақтардан жоғары ахуал бар аймаққа көшуге қолғабыс көрсетіледі», - деді ол.

Осы жылдың 1 қарашасына сәйкес, бағдарлама қатысушылары болып жазасын өтеп шыққан 262 адам атанды. Оның 96 пайызы жұмыспен қамтылды, тұрақты жұмыс орны – 155, уақытша жұмыс орны – 103 адам.

«Бағдарлама бойынша 32 адам инфрақұрылымдық жобаға орналастырылды. 2 адам шағын несиеге ие болды. Кәсіптік оқумен 12 адам оқып, оның 8-і жұмыспен қамтылды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар