• Басты
  • Қазақстандық армияда бітімгершілерді практикалық дайындау басталды (ФОТО)
11 Желтоқсан, 2015 18:59

Қазақстандық армияда бітімгершілерді практикалық дайындау басталды (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қазақстандық бітімгершілік бригада жанындағы бітімгершілік операциялар оқу-жаттығу орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қазақстандық армияда бітімгершілерді практикалық дайындау басталды  (ФОТО)

Мұнда БҰҰ-ның миссиясына қатысушы офицерлер бітімгершілерді дайындайды.   Осы орталықтың ерекшелігі бітімгершілік миссияларға жіберер алдында ұлттық контингентті даярлаудың практикалық (далалық) құрамдасынан тұрады. Нұсқаушылар және қалған лауазымды адамдар ретінде шетел тілін, яғни, ағылшын, түрік және басқа да тілдерді білетін жоғары білікті әскери қызметшілер тағайындалған.

Оқуға шетелде арнайы дайындық курсынан өткен, сондай-ақ Батыс Сахарасында (MINURSO) референдумды өткізу бойынша 2003 және 2008 жылдар аралығында Ирактағы миссияға және БҰҰ-ның миссиясына қатысуда тәжірибесі бар ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері тартылды. «Мен әскери қадағалаушының міндеттемелерін орындай отырып, Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясында бір жыл болдым. Қазіргі кезде қазақстандық әскери қызметшілермен өз тәжірибеммен бөлісудемін.

Орталықта жергілікті жер мен елді мекендерді патрульдеуді, айдауылдауды, тобырды тоқтату мен бақылауды, далалық жарғы мен қаруды қолдану қағидаларына сәйкес жергілікті жерде бағдарлауды зерделейді», - дейді орталықтың бітімгершілік қызметінің бастығы майор Талғат Тасболатов. Одан басқа, орталықта шетелдік әскери қызметшілер де тренингтер өткізуде. Сонымен, Конго, Мали, Батыс Сахарасы, Кот-д’Ивуарда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөнінде БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысуда мол тәжірибесі бар Үндістанның бітімгершілік операциялар орталығының офицерлері қазақстандық әскери қызметшілерді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операция негіздеріне оқытты.   

 Халықаралық міндеттемелерді орындауда, әскери-саяси ұстанымдарды, мүдделерді және жалпы алғанда әлемдік аренада еліміздің абыройын ілгерілетуде бітімгершілік қызметтің мемлекет үшін маңызы орасан зор екенін айта кетейік.  Жыл сайын қазақстандық әскери қызметшілер шетел мемлекеттері қарулы күштерінің өкілдерімен бірлесіп «Дала қыраны», «Мызғымас бауырластық» және басқа да оқу-жаттығуларға қатысады.

 

 

Барлық жаңалықтар