2015 жылы ҮЕҰ қолдауымен Қазақстанда 5 мың адам жұмысқа орналасты

11 Желтоқсан, 2015 12:46
Бас прокуратура ҚР Үкіметіне үкіметтік емес сектор жұмысымен белсенді летуді ұсынды. 2015 жылы ҮЕҰ қолдауымен Қазақстанда 5 мың адам жұмысқа орналасты, деді Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асанов «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу!» атты түрме реформасының III форумында.

«Бұл үш мәселе жағдайды өзгертуге қауқары бар. Бірінші кезекте, парадигманы жылжыту қажет. Сотталғандарға деген қоғам көзқарасын өзгерту. Екінші қадам – әрбір адамға сенімділік сыйлау, ол қоғамға керек екенін ұғынуы керек. Жұмысқа орналастыру мәселесін ҮЕҰ-дан басқа ұйым нақты шешпейді. Олардың артықшылығы белгілі, олар өз жұмысын ынамен орындайды», - деді прокурор.

Оның айтуынша, 2014 жылы ҰЕҮ 4 мың адамға жұмыс тапса, осы жылы 5 мың адам жұмысқа орналасты.

1995 жылы Қазақстан түрме халқының индексі бойынша АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында тұрды. 2012 жылы біздің ел 33-ші орынға шықты. Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық түрме рейтингінің көрсеткіші бойынша 57-ші орында. 

Осылайша біз көрсеткіштері халықаралық сарапшылар тарапынан ешқашан сын тудырмаған Латвия, Эстония және Сингапур сияқты мемлекеттердің қатарына көтерілдік. ІІМ жүргізген үйлесімді жұмыстың, Жоғарғы Сот пен Парламент депутаттары көрсеткен қолдаудың арқасында соңғы үш жыл ішінде сотталғандардың саны 25 пайызға кеміді. 

Әрбір төртінші адам бостандыққа шықты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар