• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылғы Президенттің «Алтын Сапа» жүлдесіне үміткерлдердің басым бөлігі ШОБ субъектілері (ФОТО)

2015 жылғы Президенттің «Алтын Сапа» жүлдесіне үміткерлдердің басым бөлігі ШОБ субъектілері (ФОТО)

11 Желтоқсан, 2015 12:37
Егер 2006 жылы 52 кәсіпорын қатысса, бүгінде комиссия 153 өтінім ішінен әр номинация бойынша 10 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды. Ағымдағы жылы өтініш бергендердің басым бөлігі немесе 69-ы шағын және орта бизнес субъектілері, 44-і орташа және 40-ы ірі кәсіпорын. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгін Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі, «Қазақстанның үздік тауары» көрмей байқауы, сондай-ақ, «Парыз» бизнеске әлеуметтік жауапкершілік байқауы өтеді.

Ағымдағы жылы «Алтын Сапа»  сыйлығына 10 жыл толады және бұл байқауды алғаш рет ҚР ҰКП өткізуде.

Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының материалдары барлық үш номинация бойынша қаралды: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

Сонымен қатар, ағымдағы жылы кәсіпкерлер ҰҚП-ның  арнайы «Іскер» сыйлығымен марапатталады.

Жалпы, байқаудың мақсаты елімізде өндірілетін өнімдердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi ету болып табылады.

«Егер 2006 жылы 52 кәсіпорын қатысса, бүгінде комиссия 153 өтінім ішінен әр номинация бойынша 10 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды.  Ағымдағы жылы өтініш бергендердің басым бөлігі немесе 69-ы шағын және орта бизнес субъектілері, 44-і орташа және 40-ы ірі кәсіпорын», - делінген ҰҚП баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының материалдарын қарау жөніндегі сараптау топтары үш номинация бойынша: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Байқауға өңірлердің 144 жеңімпаз кәсіпорны қатысады.

 «Атамекен» ҚР ҰКП әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова хабарлағандай, байқауға жеңіл өнеркәсіп ошақтары көбірек қатыса бастады.

«Әйелдер пальтосын тігумен айналысатын фирма бар және етік компаниялары да бар. Сонымен қатар біздің байқауға зергерлердің де қатысып жатқаны қуантады, тіпті мүсіншілерде бар, олар арнайы статуэткаларды, естелік сыйлықтарды жасайды. Алғаш рет гигиеналық өнімдерді өндіретін компанияны көріп отырмын»,  - деп хабарлады ол.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы «Алтын Сапа» байқауына мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуда.  

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар