- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2017 жылға қарай қамауға алынғандардың 75%-нан астамын жұмыспен қамту көзделген - ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстанда 2017 жылға қарай қамауға алынғандардың 75%-нан астамын жұмыспен қамту көзделген - ҚР Бас прокуратурасы
«Бүгіннің өзінде қамауға алынғандарды жұмыспен қамту көрсеткішінің артып отырғанын хабарлаудамыз, ол 54%-ға жетті. Бұл мақсатта колонияларға жеке кәсіпкерлік субъектілері тартылды. Олар 1800-ден астам сотталғандарды жұмыспен қамтыды. Бұл «Еңбек» РМК-ның 15 жыл қызметі ішінде ашқан жұмыс орындарының үштен бір бөлігін құрады», - деп мәлімдеді ҚР Бас прокуроры.
А. Дауылбаев атап өткендей, алғаш рет 1997 жылдан бастап қамауға алынғандарды жеке еңбек қызметіне тарту механизмі жұмыс істей бастады.
«Бүгінде 20 жазасын өтеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, олар мал шаруашылығымен, ыдыс жасаумен, аяқ-киім тігумен айналысады және көркем шеберхана ұйымдастырлыған», - деп хабарлады ол.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жапа шеккендерге шығынын өтеу көрсеткіші артты, оларға 640 млн теңге төленді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
«Бүгінде Қазақстан Парламентінде түрмелерді өндіріспен айналысу құқығымен қамтамасыз ету мәселесі қаралуда. Осы ретте Біз алдымызға 2017 жылға қарай қамауға алынғандардың 75%-нан астамын жұмыспен қамту міндетін қойып отырмыз», - деді А. Дауылбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» түрме реформасының үшінші форумы өтуде.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты