Өскеменде биыл 87 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

12 Желтоқсан, 2015 10:02
Биыл Өскеменде 87 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді ол өткен жылға қарағанда 49 пайызға көп. 2015 жылдың соңына дейін 4 көпқабатты үйді пайдалануға беру қарастырылған, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Осы жылы тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі мен «ҚИК» АҚ бойынша 378 пәтер берілді.

Қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 20 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Қазақстан ипотекалық компаниясының бағыты бойынша 10 млр  теңгенің 10 көпқабатты үйін салу жоспарланған.

Барлық жаңалықтар