• Басты
  • Жаңалықтар
  • Соңғы 3 жыл ішінде Қазақстанда сотталғандар саны 25 пайызға азайды – ҚР Бас прокуроры

Соңғы 3 жыл ішінде Қазақстанда сотталғандар саны 25 пайызға азайды – ҚР Бас прокуроры

11 Желтоқсан, 2015 11:17
Соңғы 3 жыл ішінде Қазақстанда сотталғандар саны 25 пайызға азайды, деді Бас прокурор Асхат Дауылбаев «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» түрме реформасының форумында.

«ІІМ жоспарланған жұмысының нәтижесінде, Жоғарғы соттың қолдауы мен Парламент депутаттарының сүйемелдеуі арқылы соңғы 3 жылда сотталғандар саны 25 пайызға қысқарды. Әрбір төртінші – бостандыққа шықты. Қазақстан тарихында тұңғыш рет түрме контингенті  40 мың адамға азайды», - деді Бас прокурор.

Айта кетерлігі, бұл көрсеткішке амнистиялардың қолдануынсыз қол жеткізілді.

«Бұл орайда біз әрбір сотталушыға жеке келуді жөн көрдік. Бұл  үлкен нәтижеге ие. Уақытынан ерте шартты түрде босатуды өзге қатал жазаның орнына қолдану әлдеқайда тиімді», - деді А. Дауылбаев.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар