Ұлттық банк 6 монеталық ескерткішті айналымға шығарды

11 Желтоқсан, 2015 20:26
Күмістен жасалған ескерткіш 4 монетаны және нейзильбер қоспасынан жасалған 2 монетаны айналысқа шығарды, деп хабарлады Ұлттық банк.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 11 желтоқсанда «Қазақстанның Қызыл кітабы» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Үстірт муфлоны» ескерткіш монеталарын; «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Бата» ескерткіш монеталарын; «Монета-сыйлық» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен «Жаңа жылдарыңызбен» ескерткіш монеталарын және «Республика игілігі» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен «Тазы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады.

Үстірт муфлоны – Азия муфлонының түр тармағы. Бұл ұзын сирақты, жабайы дала қошқары. Қазақстанды ең ірі түр тармағы – үстірт муфлоны мекендейді, ол республиканың батысындағы аттас үстіртте ғана емес, оның жартасты құздарын, сондай- ақ Маңғыстау түбегінің қыраттары мен ойпаттарын мекен етеді. Муфлон өте жылдам қозғалады, шөл даладағы мардымсыз өсімдіктермен қоректенеді, тұщы, сол сияқты ащы әрі тұзды суды ішеді.

Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) Жердің барлық тұрғындарына деген қамқор қатынасты білдіретін Жер планетасының адамның аялы алақанындағы стильдендірілген бейнесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Сондай-ақ онда монеталардың номиналын білдіретін жазулар күміс монетада «500 ТЕҢГЕ», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50 ТЕҢГЕ» орналасқан; монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу (күміс монетада) бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жартасты таулардың аясында үстірт муфлоны бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҮСТІРТ МУФЛОНЫ», латын тілінде «OVIS ORIENTALIS ARCAL» – түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар.

Барлық жаңалықтар