- Басты
- Жаңалықтар
- Ғ.Телебаев: 2015 жылы 20 мыңнан астам түрлі ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгерді
Ғ.Телебаев: 2015 жылы 20 мыңнан астам түрлі ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгерді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы «Мың бала» республикалық мәдени-танымдық шараның қорытынды салтанаты өтуде.
«Бұл үлкен жоба. «Мың бала» өзге этникалық топ өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруімен байланысты. Мемлекеттік тілді бүлдіршіндер, 1-ден 11-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары меңгерді. Біз бүгін аталмыш байқаудың жеңімпаздарын шақырдық. Олар мемлекеттік тілді меңгерген жеңімпаздар», - деп хабарлады Ғ. Телебаев.
Айта өтейік, шараға халық қалаулылары, ҚХА мүшелері, жоба қатысушылары, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, шығармашылық және ғылыми зиялық қауым, ҮЕҰ өкілдері мен жастар қатысуда.
Аймақтық жеңімпаздарды марапаттау «Мың бала» жобасы аясында «Шешендік өнер», «Кемеңгер» мен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
«Біз бұл жобаны іске қосқанда шамамен мың түрлі этнос өкілдері қатысады деп ойладық. Алайда бұл жылы 20 мыңнан астам өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгерді. Менің ойымша бастысы мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшылық. Бұл құлшылықты біз бүлдіршіндерімізде оята білдік. Қазақстан халқы Ассмаблеясы өз мақсатына жетті», - деді Ғ. Телебаев.
Салтанатты марапаттаудан басқа қатысушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылған, онда ҚХА-ның мемлекеттік тілді меңгеру барысындағы зертемелері қойылған. Сонымен қатар көрмеде шет мемлекеттердің жоғары наградаларыда орын тапты, олар: «Әлем қадірлеген Елбасы», интерактивті көрме және кітап көрмесі «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент».
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері