- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейде «Біртектілік бояулары» көрмесі ашылды
Ұлттық музейде «Біртектілік бояулары» көрмесі ашылды
«Бүгінгі көрмедегі жұмыстар Қазақстанның өткен тарихының әр кезеңінен сыр шертеді. Мұндағы суреттер мен кескіндеме бұйымдары Ұлттық музейдің қорынан және бізге басқа жақтан келіп түскен еңбектерден жинақталды. Бізде сонау Әбілхан Қастеев, Әубәкір Исмаиловтың заманынан бері қарай әр түрлі мектептер қалыптасып, дамып келе жатыр. Қазіргі суретшілердің де өзіндік ерекшеліктері мен мектептері қалыптасу үстінде. Мұның барлығы да біртектілікті іздеу. Біртектілік дегеніміз – бір қоғамда, бір мәдени кеңістікте өмір сүріп жатқанымызды әркім өз көзқарасымен, өзіндік стилімен көпшілікке жеткізу деген сөз. Бұл көрменің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отыруының да өзіндік мәні бар. Себебі біздің суретшілеріміз әр қашанда тәуелсіз ойлай білген және оны еңбектері арқылы сыртқа шығаруға ұмтылып отырғын сияқты», – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директоры Дархан Мыңбай.
Көрмеге 115 кескіндеме, мүсін және графикалық туындылар қойылды. Олардың арасында ұлттық кескіндеме мектебінің негізін қалаушылар Әбілхан Қастеевтің, Әубәкір Исмаиловтың кескіндемелері, қазақтан шыққан алғашқы кәсіби суретші Айша Ғалымбаеваның тамаша туындылары, Үкі Әжиевтің керемет нәзік акварелдері және пәлсапашы-лирик Сабыр Мамбеевтің қиялға жетелейтін пейзаждары бар.
Сол сияқты 60-шы жылдарғы белгілі суретшілер Салахитдин Айтбаев, Әбдрашит Сыдыханов, Бахтияр Табиев, Еркен Мергенов және басқа да ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосқан суретшілердің еңбектері көрмеген қойылған. Қазақ жеріне деген шексіз терең сүйіспеншілігін білдірген Евгений Сидоркиннің ғажайып графикалары мен Гүлфайруз Исмаилованың көркем суреттері сұлулықты бағалай білетіндерді бей-жай қалдырмайды. Көрмеге кеңестік ұжымдастыру кезеңіндегі қазақ халқы басынан өткерген нәубетті қағаз бетіне алғаш бейнелеген суретшілердің бірі Қуаныш Есіркеповтың да туындыларын кездестіруге болады.
«Мұнда қойылған еңбектер баға жетпес құнды дүниелер. Мұнда бұрынғы өткен Әбілхан Қастеев сияқты даңқты суретшілермен қатар қазіргі күнгі дарынды суретші Анар Әубәкірова сияқты бүгінгі күнгі өнер иелерінің де еңбектері бар екен. Қандай ел болмасын ол бірінші өзінің өнерін көрсетіп, өзгелерге мақтана алады. Сондақтын бізде қолымызда бар байлықтарымызды насихаттап, шетелдерге шығарып таныта білуіміз керек», - деді Астана қаласының Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков.
Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға келіп, өз туындыларын қазақ суретшілерімен қатар жасаған түрлі ұлт суретшілерінің Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы түйінді кезеңдері туралы түсініктерді «Біртектілік бояулары» көрмесі кеңейте түседі. Бұлар - Абрам Черкасский, Владимир Эйферт, Николай Гаев, Валентин Антощенко-Оленев және басқалар. Бұлардың барлығы Қазақстанның бейнелеу өнеріне баға жетпес үлестерін қосты.
Бүгінгі таңда жергілікті өнерді дамыту әрі оның өзіндік ерекшелігін сақтау және жаңа стилдік шешімдерді іздеу өте өзекті болып отыр. Бұған Сембіғали Смағұловтың, Асқар Есдәулетовтың, Ахмет Ахаттың, Анар Әубәкірдің, Мұрат Қалқабаевтың және басқалардың туындылары куә.
Қазақстанның бейнелеу өнері мектебі кеңестік кезеңде қалыптасу және даму кезеңдерін, Тәуелсіздікке қол жеткізген уақытта қарқынды өзгерісті басынан өткерді. Уақыттың әлеуметтік-саяси шындығының нәтижесі ретінде, әрбір кезең өнердің дамуына әсер еткен күрделі әрі көп қырлы құбылыстардың қиысуы болып табылады. Кәсіби білдекті өнер қарқынды дами отырып, тез арада өз келбетін қалыптастырды да, қазақ бейнелеу өнерін бірегей көркем құбылыс ретінде қарастыратын мүмкіндік ашып берді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар