- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында қазақстандық және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері талқыланды
Қызылорда облысында қазақстандық және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері талқыланды
Басқосуда мұнай өндіру деңгейін сақтау және Қызылорда облысында қазақстандық және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері талқыланды. Биылғы жылдың 11 айында мұнай өндіру көрсеткіші 8 млн. 252 мың тоннаны құрады. Былтыр осы көрсеткіш 9 млн. 084 мыңнан астам болатын. Осыған орай, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мұнай компания басшыларына жоспарды орындау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануды тапсырды.
Өңіріміздің тағы бір өзекті мәселесі жергілікті мазмұнды дамыту. Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар басқа өңірлерден мұнай сервистік компанияларды тартады деген мәселені облыс басшылығы бірнеше рет қойған болатын.
«Бір ғана қарапайым мысал келтірейін. Бәріміз үйде де, жұмыста да ауыз суды пайдаланамыз. Көптеген тұтынушылар қалыптасқан әдет бойынша басқа облыстарда өндірілетін суға тапсырыс береді. Бірақ біздің облыста да сапалы ауыз суды өндіретін компаниялар жетерлік. Мәселен, «Ағжан», «Аквалайн», «Шоқ су», - деген облыс әкімі өңірлік кәсіпкерлер палатасына 10 күн ішінде жер қойнауын пайдаланушылармен меморандумға қол қойып, тауарлар және қызметтерді сатып алу мәселелері бойынша бақылаушы ретінде кәсіпкерлер палатасының өкілдерін қосуға тапсырма берді.
Қызылордалықтар үшін мұнай газ саласында жұмыс орындарын сақтап қалу да өте маңызды. Өңір басшысы мұнай компанияларына өндірісті әртараптандырып, қысқартылатын жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. Одан бөлек, Қызылорда облысына осы өңірде жұмыс істейтін, бірақ басқа аймақтарда салық төлейтін компания кеңселерін көшіру мәселесі жиі айтылады.
«Сіздер үшін қиын кезең басталғанын түсінеміз. Дегенмен, әлеуметтік жауапкершілік таныту қажет. Дағдарыс ұзаққа созылмайды. Көптегенде бір-бір жары жыл болады. Ал біз осы күрделі кезеңнен абыроймен шығуымыз керек. Мұны сіздермен де, сіздерсіз де атқара алмазы. Сондықтан өздеріңіз шешім қабылдаңыздар», - деп аймақ басшысы жиынды қорытындылады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы