- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 2016-2020 жылдарға арналған Өңірлерді дамыту бағдарламасы қабылданды
Қызылорда облысында 2016-2020 жылдарға арналған Өңірлерді дамыту бағдарламасы қабылданды
Алдымен аймақ басшысы «Облыс әкімінің 2015 жылға арналған іс-қимыл жоспарының» орындалуын баяндап берді. Жыл басынан бері 10727 жаңа жұмыс орны ашылса, соның 8547-сі тұрақты.
Өндірістік сектордың өсу қарқыны өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерге ие. Жоспарға сәйкес индустриялық жобалардың ешқайсысы тоқтаған жоқ. Керісінше, жаңа жобалар қосылды. Бүгінгі таңда өндірістегі өңдеуші саланың үлесі 13 пайызға жетті. 2012 жылы бұл көрсеткіш 4,5 пайыз болған. Яғни, экономиканы әртараптандыруға бағытталған жұмыс оң әсерін беріп жатыр.
«Төмендегі екі мәселені қоспағанда біз өзімізге алған міндеттемелерді толық орындап шықтық. Біріншіден, біз «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолын жаңғыртуды жоспарлаған едік. Алайда, мемлекеттік бюджетте қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты бұл жоба кейінге шегерілді. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бұл автожол жаңарады. Оған бір-екі жыл уақыт қажет. Екіншіден, тірек елді мекендердегі полиция бекеті құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары қаражат тапшылығына байланысты жағдай оңалғанша кейінге шегерілді», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Ал келер жылға арналған іс-қимыл жоспары ең алдымен жаһандық дағдарыстың өңір экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайына әсерін азайтуға бағытталып отыр. Бұл жоспардың басымдықтары - 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспарына, Президент Жолдауының басым бағыттарына, сондай-ақ, Елбасының осы жылдың 18 қарашасындағы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларына сәйкес анықталды. Сонымен қатар, мұнайдың әлемдегі баға нарығы да ескерілді. Бастысы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін қаражат азаймайды. Тіпті бұл мақсатқа қосымша қаражат бөлу жағы да қарастыралады.
«Бірақ бөлінген қаражатты орнымен, тиімді пайдалануға бақылауды күшейтуіміз қажет. Жосықсыз несие алушылар тізімі Бірінші кредиттік бюроға жолданады. Егер де кәсіпкерлік мақсатында алған несиені мақсатсыз, мысалы, той жасауға немесе басқаша жұмсаса, ондай адам бұдан былай еш жерден, ешбір банктен несие ала алмайды. Ал, адал несие алушылар алған ақшасын қайтарғаннан кейін, одан да ірі көлемде несие алуға мүмкіндік алады», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жиын барысында келер жылға арналған бюджеттің жобасы таныстырылды.
«Келесі жылға арналған облыс бюджетінің жобасы жан-жақты есептеліп, мұқият дайындалды. Экономикалық ахуал күрт төмендемесе, барлық жоспарланған шығыстар қамтамасыз етілуі тиіс. Бюджетте көрініс тапқан басымдықтар – дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарындағы мақсат-міндеттерге сәйкес жасақталды. Айта кету керек, келесі жылға арналған облыс бюджеті өткен жылмен салыстырғанда бар болғаны 7,4 пайызға кем. Күрделі шығыстар 45 пайызға қысқарды. Дағдарыс жағдайындағы бюджет болғандықтан Үкімет жаңа құрылыс салуға мораторий жариялады. Сондықтан біз тек қана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен халықаралық қаржы ұйымдарының несиелеріне сенім артамыз», - деді облыс Қ.Көшербаев.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты