- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ:Астанада жаңа зауыт жылына 1 млн тігін бұйымдарын шығарады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ИИДМБ:Астанада жаңа зауыт жылына 1 млн тігін бұйымдарын шығарады (ФОТОРЕПОРТАЖ)


«Өндіріс индустриялды паркте 2 гектар жерді алып жатыр. Құрылыстың жалпы алаңы 7 мың шаршы метр. Біз барлық заманауи технологияларды қолдандық», - деді «ЮТАРИЯ ltd» компаниялар тобының директоры Сәуле Шаукенова Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында.




«Бұл Бизнестің жол картасы бойынша жүзеге асырылған 3 жоба. Мемлекеттік қолдау шаралары «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Даму» арқылы көрсетілді. Олар біздің субсидиялау бойынша ежелгі серіктесіміз», - деді С.Шаукенова.
Кәсіпорын үй, қонақ үй, мейрамханалық бұйым мен трикотаж өндірісіне дейін өндіреді. Өедірістік қуат жылына 1 млн тігін бұйымдарын құрайды.





«Кәсіпкерлік сонымен қатар, елде жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіпорын құруды дамытуда консалтинг қызметін ұсынады. Біз Қазақстанда Zoje әлемдік брендін ұсынып отырмыз. Біз бүгін серіктестерімізге технологиялық ағымдардың есебін ұсына аламыз. Толық қуаттылыққа шыққан соң тігін бұйымының 500 түрі шығарылып, 700 мың тігін бұйымдары өндіріледі», - деді ол.



Кәсіпорын 400 жаңа жұмыс орнын ұсынады, оың негізі әйелдерге тиесілі. Кәсіпорында жаңа мамандықтар ашылды: тігін қондырғысын жинаушы-оператор, тоқу өндірісінің операторы, тігін компьютерлік қондырғысының жинаушысы, автоматтандырылған өндірістің IT- маманы. Зауытта дуальді оқыту жоспарланған.
«Бұл жерде жаңа мамандарды дайындау және қайта дайындау мүмкіндігі жасалған, колледж бен жұмыспен қамту орталығынан келген мамандар тәжірибесін арттырып, шыңдалады. Бұл жерде заманауи қондырғының тілін білген өте маңызды. Құрылғылардың барлығы жоғарытехнологиялық, 70 пайызға дейін энергия тиімдей алады», - деді бас директор.










Айта кетейік, кәсіпорында «бір терезе» қағидасы бойынша өнім өндіріледі, дизайнды әзірлеуден, тұтынушыға тауардың жетуіне дейін сүйемелденеді.
Анар Тәңірқұлова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр