- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары марапатталады
Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары марапатталады
Қазақстан өнім сапасын арттыруға ерекше ықыласты ел. Осы мақсатта 2006 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы «Алтын сапа» сыйлығын тағайындаған болатын.
Елімізде өндірілетін өнімдердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi етуді мақсат тұтқан байқау биыл да бизнес саласының үздіктерін анықтап, Елбасы сыйлығымен марапатталады.
Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет.
Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының материалдары барлық үш номинация бойынша қаралды: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».
Егер 2006 жылы 52 кәсіпорын қатысса, бүгінде комиссия 153 өтінім ішінен әр номинация бойынша 10 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының материалдарын қарау жөніндегі сараптау топтары үш номинация бойынша: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Байқауға өңірлердің 144 жеңімпаз кәсіпорны қатысады.
«Қазақстанның үздік тауары» байқауының материалдарын қарап шығып, қорытынды жиналыс өткеннен кейін Президент Әкімшілігі жанындағы лауреаттар мен дипломанттар атағын беру жөніндегі комиссия екі байқаудың да ақтық жеңімпаздарын таңдайды.
Ботагөз Айтжанова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады