• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Алматы қаласында Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты бойынша X мерейтой чемпионаты өтеді

2014 жылы Алматы қаласында Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты бойынша X мерейтой чемпионаты өтеді

7 Қараша, 2013 14:42
Бүгін Алматы қаласында Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықаралық спорт федерациясының XIV халықаралық конференциясының ашылу рәсімі өтті. Бұл 2014 жылы Алматы қаласында Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты бойынша X мерейтой чемпионатын өткізуге байланысты ұйымдастырылған алғашқы міндетті іс-шара, деп Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ТЖ министрі В.К. Божко конференция қатысушыларына      Тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстан табысты спорт елі болғанын атап өтті. Бізде барлық жағдай жасалған, спорттың әр түрін дамытатын ұйымдар табысты қызмет етуде. Ал өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты күнделікті өмірге барынша жақын, күн сайынғы адам өмірін құтқаруға күресті жетілдіруге бағытталған.

2014 жылғы қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласында өтетін Әлем Чемпионатын өткізуге дайындық туралы айтар болсақ, Министр конференция қатысушыларына ағымдағы жылы ҚР ТЖМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен құрамалы-бөлшектеу оқу-жаттығу мұнарасы, герман мотопомпалары, өрт сөндіру арынды сорғыш жеңдер және басқа халықаралық стандарттар мен федерация қағидаларына жауап беретін басқа жабдықтар сатып алынғаны туралы ақпарат берді.

Конференция қатысушылары Алматыда Чинджи қаласында (Корея) өткен өрт сөндіру-құтқару спорты жөніндегі IX әлем чемпионатын өткізудің нәтижелерін талқылады, онда 2013 жылғы әлем чемпионатын өткізу барысында спорт-техникалық комитеттің жұмысын, сондай-ақ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықаралық спорт федерациясы» спорт-техникалық коммерциялық емес серіктестік комитеті туралы ережені  талқылады.

Конференция барысында 2013 жылғы спорт маусымының қорытындысы бойынша ерлер мен жастар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем рекордтары бекітілді, «Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша халықаралық санат төрешісі» спорт атағы тағайындалды.

Бұдан өзге кездесу қатысушылары Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықаралық спорт федерациясының 2014 жылға арналған негізгі спорт іс-шаралары жоспарын  және 2015-2018 жылдарға арналған перспективалық жоспарын талқылады.

Барлық жаңалықтар